“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы IAAR сарапшыларының біліктілігін арттыру және кәсіби дамыту бойынша семинар тренинг

03.03.2020

2020 жылдың 3 наурызында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде  базалық және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру агенттігінің мамандарының біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг өткізді.
 
Оқу семинарының лекторы Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының (WFME) арнайы кеңесшісі Janet Grant, семинарға қатысушыларды - Қазақстан Республикасы мен Қырғыз республикасының медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлерін- WFME халықаралық стандарттарымен, олардың құрылымы мен базалық медициналық білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға бағытталған мазмұнымен, сондай – ақ WFME стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын  бағалау және өзін-өзі бағалау процедурасымен таныстырды.
 
Оқу семинары жоғары мазмұнды және ұйымдастырушылық деңгейде өтті және оған қатысушылар тарапынан оң жауап алынды.

Әріптестер