“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR жаңа сарапшыларына арналған вебинары

04.11.2022

2022 жылдың 4-ші қарашасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі IAAR сарапшыларын білім беру ұйымдарына сыртқы сараптау комиссиясының сапарына дайындау бойынша вебинар өткізді. Вебинар модераторлары Гүлнар Қожағұлқызы Искакова, стратегиялық даму кеңесшісі, Гүлфия Ривкатқызы Назырова, сыртқы сараптау комиссиясын құру жобасының жетекшісі, Дильнара Икрамханқызы Закирова IAAR 1 санатты сарапшысы вебинар қатысушыларын сыртқы сараптау комиссия сарапшысының аккредиттеу процессіндегі негізгі міндеттері мен функцияларымен, IAAR халықаралық аккредиттеу стандарттарына сай сапаны сыртқы бағалаудың жүргізуімен және білім беру ұйымын немесе білім беру бағдарламасын аккредиттеу процесінде сыртқы бағалау рәсімін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулығымен таныстырды.

Вебинар қатысушыларының ерекше назары білім беру бағдарламасы профилінің параметрлеріне сәйкес бағалаудың алдын ала нәтижелерін алқалы талқылау мәселелерінде, сыртқы сараптау комиссия есебінің дәлелді/аналитикалық бөлігін қалыптастыру қағидаттарына, параметрлерді бағалаудың аналитикалық бөлімнің мазмұнында, күшті жақтарына және тұжырымдалған ұсыныстарға сәйкес келуін қамтамасыз етуінде болды.

Әріптестер