“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША VI ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

08.10.2022

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) Сіздерді 2022 жылдың 7-8 қазанында Алматы қаласын (Қазақстан Республикасы) ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғимаратында аралас (online және off-line) форматта өтетін «Әлемдік білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара әрекеттестік» білім сапасын қамтамасыз ету бойынша VI Орталық Азия Халықаралық Форумының жұмысына қатысуға шақырады.

Жыл сайынғы IAAR форумы білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың өзекті тәсілдерін талқылауға, халықаралық ұйымдар және агенттіктермен ынтымақтастықты кеңейтуге, сапа мәдениетін арттыруға және академиялық қауымдастық пен еңбек нарығының конструктивті өзара әрекеттестігін жетілдіруге бағытталған.

Форумның жұмысына Қазақстан, Нидерланды, Үндістан, Түркия, Латвия, Әзірбайжан, Молдова, Армения, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның және басқа мемлекеттік органдарының, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық желілердің, шетелдік аккредиттеу органдары мен жұмыс берушілердің өкілдері қатысады.

Форум келесі негізгі мәселелерді талқылайды:

  1. Шынайы жаһандық жағдайдың білім берудің дамуына ықпалы
  2. Университет архитектурасы: жаңа үлгілер мен мүмкіндіктер
  3. Цифрлық трансформация дәуіріндегі медициналық білім берудің сапасы
  4. Студентке бағытталған әдіс: басқару және мәдениет
  5. Рейтинг – академиялық көшбасшылыққа жетелейтін жол

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Форумға қатысу тегін. Жолақы мен тұру ақысы жіберуші тараптың немесе Форумға қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады. Форум қатысушыларына қатысу туралы сертификат беріледі.

Форум қорытындысы бойынша материалдардың электронды жинағын шығару жоспарлануда. Жинақта жариялану тегін. Жариялауға арналған материалдар келесі талаптарға сәйкес дайындалуы керек (1-қосымша) және 2022 жылдың 25 тамызына дейін: forum2022@iaar.agency  электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Форумға қатысушыларды тіркеу онлайн режимінде 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады

VI Орталық Азия халықаралық форумының бағдарламасы

Ұсынылған қонақ үйлер туралы ақпаратты келесі сілтемеден алуға болады.

Қосымша ақпаратты Форумның Ұйымдастыру комитетінен келесі e-mail арқылы алуға болады: forum2022@iaar.agency, iaar@iaar.kz.

Байланысушы тұлғалар:

                              Канапьянов Тимур Ерболатович +7 (7172) 768 559,

                              Сайдулаева Малика Ахъядовна  +7 (7172) 768 560

Сіздерді жыл сайынғы халықаралық форумымызда қуана күтеміз!

Әріптестер