“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Continuous Enhancement of IAAR Experts Pool

18.02.2022

2022 жылдың 18 ақпанында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) сарапшыларды Сыртқы Сараптау Комиссиясының білім беру ұйымдарын аккредиттеуге дайындау мақсатында вебинар өткізді. Модераторлар ретінде IAAR бас директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Қанапьянов Тимур, IAAR Сыртқы сараптау комиссияларын құру жөніндегі жоба жетекшісі Назырова Гульфия және IAAR I санат сарапшысы, Ижевск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының ректоры Андрей Брацихин қатысты (Ижевск, Ресей Федерациясы).

Вебинарға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан және Арменияның академиялық қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Вебинардың теориялық бөлімінде ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне, ESG 1.3 Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау және ESG 1.4 Студенттерді қабылдау, үлгерім, біліктіліктерді тану және сертификаттау  стандарттарына ерекше назар аударылды. Вебинардың практикалық бөлімінде кейстермен жұмыс жасалынып, білім беру ұйымы есебінің IAAR аккредиттеу стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігін бағалау, ұсыныстар әзірлеу және фокус-топтармен іскерлік ойын жүргізілді.

IAAR сарапшыларды дайындау вебинар бағдарламасы екі кезеңнен тұрады. Екінші кезең сарапшының практикалық жұмысын қамтиды. IAAR вебинарының толық бағдарламасынан өткен сарапшылар дайындықтың екінші кезеңіне жіберіледі

Әріптестер