Independent agency for accreditation and ranking

Independent agency for accreditation and rating

Feedback
Apply now

IAAR бас директоры Бангкокта (Тайланд) өткен WFME конференциясына қатысты

26.05.2025

2025 жылдың 25-28 мамыр аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының (WFME) халықаралық конференциясына Бас директор А.Б. Жұмағұлова қатысты. Іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен медициналық білім беру саласындағы жетекші сарапшыларды, соның ішінде аккредиттеу агенттіктерінің, академиялық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады.

Конференция барысында медициналық білім беру сапасының, медициналық кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері және жаһандық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

А. Б. Жұмағұлова "IAAR аккредиттеу арқылы медициналық білім беру сапасын жақсарту" тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және озық тәжірибе алмасуға бағытталған халықаралық әріптестік ұйымдардың өкілдерімен сөйлесті.

Конференцияға қатысу халықаралық байланыстарды нығайтуға, білім беру сапасын арттыру тәсілдерін өзектендіруге және халықаралық аренада IAAR ұйымының жетістіктерін ұсынуға мүмкіндік берді.

Partners