“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Халықаралық аккредиттеу

Пройдите ниже для выбора страны и вида аккредитации

Халықаралық аккредиттеу – білім сапасын қамтамасыз етудің әлемдегі ең кең тараған және пәрменді моделі

Халықаралық аккредиттеу – бұл білім беру бағдарламаларының халықаралық және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау рәсімі, жоғары білім беру сапасы кепілдігінің Еуропалық қауымдастығының ENQA мүшелері болып табылатын және білім беру сапасы кепілдігінің Еуропалық тізілімінде EQAR тіркелген аккредиттеу агенттіктері жүзеге асырады.

Халықаралық аккредиттеудің негізгі принциптері:

  • - тәуелсіздік, объективтілік және кәсіпқойлық
  • - аккредиттеу процедуралары туралы ақпараттың ашықтығы, анықтығы және өзектілігі
  • - шешім қабылдаудың алқалылығы

Білім беру ұйымдарына халықаралық аккредиттеудің  бәсекелестік артықшылықтары

Жоғары оқу орындарына:

  • - жоғары оқу орындары беретін біліктіліктің халықаралық танылуы, салыстырмалылығы және айырбасталуы, білім беру мен қызметтердің жоғары сапасының кепілдігін, олардың халықаралық талаптарға сәйкестігін растау
  • - жоғары оқу орындарының тартымдылығын және жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының нәтижелілігі мен тиімділігіне негізгі стейкхолдерлер тарапынан сенімділікті арттыру
  • - өз қызметінің және іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының деңгейін сапалы бағалау, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, әлеует және даму болашағы туралы объективті ақпарат алу
  • - әлемдік білім беру кеңістігіне кең ықпалдасу және білім беру қызметінің сыртқы нарығына шығу
  • - білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарығында имидждің өсуі және бәсекелестік позициялардың нығаюы
  • - институционалдық өзгерістерді жеке жоғары оқу орындарына ғана емес, еліміздің жоғары білім жүйесінің барлық деңгейінде қолдау

Білім алушыларға:

- шетелдік серіктес жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлықтың түрлі бағдарламаларына қатысу

- магистратура және докторантура бағдарламаларына басқа шетелдік жоғары оқу орындарына түсу

- түлектің ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мамандығы бойынша елде және шетелде жұмысқа орналасу.

3
Аккредиттеу түрі

Әріптестер