2021 жылдың 1 қазанында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) және Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі (TKTA) арасында білім сапасын қамтамасыз ету саласында тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 29 желтоқсанында қол қойған Жарлығына сәйкес Білім министрлігінің аккредиттеу және нострификация департаменті мемлекеттік заңды тұлға мәртебесімен Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі (TKTA) болып қайта құрылды. Агенттік - Әзірбайжанда және халықаралық деңгейде қабылданған стандарттар негізінде жоғары, орта және қосымша білім сапасын тәуелсіз бағалау саласындағы кәсіби мамандандырылған орган.
Әріптестер