“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA, Босния және Герцеговина)

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA, Босния және Герцеговина)

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA, Босния және Герцеговина) 2008 жылы құрылды.

HEA миссиясы:

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA) өз қызметін Босния және Герцеговина территориясында жоғары білім беру саласындағы талаптар мен рекомендациялар саласында, соның ішінде жаңа және жұмыс жасап тұрған ЖОО мекемелерінде, сонымен қатар сыртқы сапа кепілдігі үрдістерін жетекшілік ету мәселелерінде іске асырады.

HEA министрліктермен, ЖОО-мен, академиялық қоғамдастықтармен және студенттермен заң талаптарына сәйкес қызмет жасайды. Босния және Герцеговинаның жоғары білім беру саласындағы үздік тәжірибесі мен салтын сақтай отырып, агенттік мемлекеттің ЖОО-ның сапа мәдинетін қолдау және жетілдіру, ЖОО ережелері мен стандарттарын жасау мәселелерінде басты рөлді ойнайды.

Өз міндеттірін орындау барысында агенттік заңдылық, жайыралылық, тиімділік, нәтижелілік, кәсібилік принциптерін ұстанады.

HEA өз қызметі барысында Босния және Герцеговинадағы білім беруді басқару ұлттық мекемелерімен, академиялық қоғамдастықтармен, мемлекеттің жоғары білім беруімен қызығатын халықаралық ұйымдармен серіктеседі.

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA) Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісінің (INQAAHE) 2009 жылдың желтоқсанынан бастап толық мүшесі болып табылады.2010 жылдың ақпанында агенттік Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастықтың (ENQA) қауымдастырылған мүшесі және 2010 жылдың мамырында Орталық және Шығыс еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктер Желісінің (CEENQA) толық мүшесі болды.

Әріптестер