2021 жылғы 20 желтоқсанда аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) және педагогикалық білім беру бағдарламаларын бағалау және аккредиттеу қауымдастығы (EPDAD) білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында тиімді ынтымақтастық орнату үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум педагогикалық білім беру сапасын қамтамасыз ету, құзыретті бәсекеге қабілетті сарапшыларды даярлау, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, білім беру бағдарламаларын тәуелсіз аккредиттеу саласында тәжірибе алмасу саласындағы өзара ынтымақтастық мақсатында жасалды.
Әріптестер