АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ (IAAR) – 2011 жылы құрылған жетекші аккредиттеу агенттігі
IAAR білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық агенттіктің EQAR тізіліміне кіреді және Еуропалық білім беру сапасы қауымдастығының ENQA толық мүшесі болып табылады.
(IAAR-дың EQAR-дағы профилі https://www.eqar.eu/register/agencies/agency/?id=30)
IAAR – Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы WFME мойындаған ТМД елдерінің алғашқы және жалғыз аккредиттеу агенттігі. Бұл IAAR-ға білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуді жүргізуге құқық береді.
IAAR Жоғары білім беру сапасының Еуропалық стандарттары ESG-2015, медициналық білім берудің халықаралық стандарттары WFME негізінде білім беру ұйымдарын халықаралық аккредиттеуден өткізеді. Тиісінше, IAAR-да аккредиттелген барлық білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеу мәртебесіне ие болады.
IAAR - еуропалық, азия және американдық желілер мен білім сапасы агенттіктерінің толық мүшесі: INQAAHE – Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісі; CHEA/CIQG – АҚШ-тағы жоғары білімді аккредиттеу жөніндегі кеңестің халықаралық сапа тобы; IREG – Академиялық саралау және артықшылық жөніндегі халықаралық обсерватория; CEENQA – Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің желілері; APQN – Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхит желісі.
IAAR Еуропалық Одақ аумағында өз өкілдігіне ие, Рига қ. (Латвия).
Осының барлығы Қазақстанның, ТМД және Еуропаның жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуді жүргізу бойынша кең трансшекаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты, ал IAAR аккредиттеуінен өткен білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеу мәртебесіне ие
Әріптестер