“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Бас директоры Стратегиялық әріптестердің III халықаралық форумына қатысты 2026 жылғы 18 қараша, Астана қаласы

18.11.2026

2026 жылғы 18 қарашада Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Бас директоры Алина Жумагулова мен Заң департаментінің директоры Бағдат Медетов Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы (ЖББДҰО) ұйымдастырған Стратегиялық әріптестердің III халықаралық форумына қатысты.

«Инновациялар, сапа және жаһандық әріптестік арқылы жоғары білімді трансформациялау» тақырыбындағы форумға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың, аккредиттеу агенттіктерінің, мемлекеттік органдардың және индустриялық әріптестердің 400-ден астам өкілі қатысты.

Форумға қатысушылардың басты назарында жоғары білімді трансформациялаудың негізгі бағыттары, оның ішінде трансұлттық білім беруді дамыту, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз ету және біліктіліктерді халықаралық деңгейде тану мәселелері болды.

«Трансұлттық білім беру және университеттердің халықаралық филиалдары: Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы панельдік сессия ерекше маңызға ие болды. Сессия аясында трансұлттық білім беруді құқықтық реттеу, академиялық әріптестіктің халықаралық модельдері, академиялық ұтқырлық және білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету тетіктері талқыланды.

Әріптестер