IAAR сыртқы эксперттік комиссиясының шетелдік сарапшыларына арналған оқыту семинарын өткізді
02.11.2026

2026 жылғы 23 қазанда Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) шетелдік сарапшыларды сыртқы эксперттік комиссиялардың жұмысына қатысуға даярлау мақсатында жаңа сарапшыларға оқыту семинарын өткізді.
Семинарды экономика ғылымдарының кандидаты, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоба жетекшісі Султанова Замзагуль Хамитовна жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық стандарттар мен ұсынымдарға (ESG) және студентке бағдарланған оқыту қағидаттарына негізделген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеудің ұстанымдарымен, рәсімімен және кезеңдерімен танысты.
Сарапшылық қызметке қатысты IAAR тәсілдері, сапаны сыртқы бағалауды ұйымдастыру рәсімі, сондай-ақ сыртқы эксперттік комиссия құрамындағы сарапшының рөлі, міндеттері мен функциялары түсіндірілді.
Семинардың практикалық бөлімі интерактивті форматта өтті. Қатысушылар білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есептерімен жұмыс істеді: есептерді жетілдіруге арналған ескертулер дайындап, IAAR бағдарламалық аккредиттеу стандарттары мен критерийлерінің қолданылуын талдады. Жеке интерактивті сессия ұйымдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналды. Семинардың осындай форматта өтуі болашақ сарапшыларға сыртқы эксперттік комиссия құрамында тиімді жұмыс істеуге қажетті дағдыларды өзін-өзі бағалау есебін рецензиялаудан бастап қорытынды есеп дайындауға дейінгі барлық кезеңде шыңдауға мүмкіндік берді.
IAAR барлық қатысушыларға белсенді жұмысы, білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне деген қызығушылығы және сапа мәдениетін дамытуға үлес қосуға дайындығы үшін алғыс білдіреді.
Әріптестер