“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Жоғары білімді бағалау және аккредиттеу жөніндегі агенттік (A3ES, Португалия)

Сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамыту, атап айтқанда жүйені жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне интеграциялау басталуымен, португал мемлекеті жоғары білімнің сапасын ілгерілету және қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылғы 5 қарашадағы № 369/2007 заң негізінде «Жоғары білімді бағалау және аккредиттеу жөніндегі агенттікті» (A3ES) құруды шешті.

Агенттік белгісіз уақыт кезеңінде құрылған, құқықтық мәртебесі бар және қоғамдық пайдалы деп танылған жеке қор болып табылады. Агенттік мемлекет ұйғарған басшылық қағидаттарды ескеруі тиіс өз шешімдерінде тәуелсіз болып табылады.

A3ES жоғары оқу орындары мен олардың оқу бағдарламаларын бағалау мен аккредиттеуге, сондай-ақ Португалияның жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің еуропалық жүйесіне кірігуіне жәрдемдесуге жауап береді.

A3ES жоғары оқу орындары мен олардың оқу циклдері қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ оны ресми тану үшін негізгі талаптардың орындалуына кепілдік береді. Бұл жалпы мақсаттар Агенттік жүзеге асыратын бағалау және аккредиттеу шаралары арқылы жүзеге асырылады, және де әрбір жоғары оқу орнында сапаны ішкі қамтамасыз ету мәдениетін насихаттау арқылы жүзеге асырылады.

A3ES міндеті - жоғары оқу орындары мен олардың оқу бағдарламаларын бағалау және аккредиттеу арқылы Португалия жоғары білімінің сапасын жақсартуға көмектесу, сонымен қатар Португалияның жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін еуропалық жүйеге кіруін қамтамасыз ету.

Әріптестер