“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Ресей медициналық лигасы

«Ресей медициналық лигасы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы

«Ресей медициналық Лигасы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы 2010 жылы құрылған. Лига медицина саласындағы білім беру қызметіне сараптама жүргізу үшін Ресбілрқадағалауынан (Рособрнадзор) аккредиттелген сарапшы ұйым болып табылады.

Ресей медициналық Лигасы сараптама нәтижесінде алынған ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, РФ Медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарында жүзеге асырылатын орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларының сапасын тәуелсіз бағалау және білім беру бағдарламаларын кәсіби-қоғамдық аккредитациялау рәсімін өткізеді.

«Ресей Медициналық Лигасының» миссиясы – ғылыми және білім беру платформалары мен инновациялардың жаһандық жарысындағы Ресейдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, медициналық қауымдастықты дамытуға, шоғырландыруға, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге; азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша жұмысты ұйымдастыру саласында Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары мен ел өңірлерінің инновациялық білім беру технологияларын, бағдарламаларын, дидактикалық құралдары мен озық тәжірибесін дамыту, жинақтау және таратуға қызмет ету.

IAAR және Ресей медициналық лигасы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  • медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында ашықтық (ашықтық) және объективтілік деңгейін арттыру,
  • медициналық білім беру ұйымдарын тәуелсіз бағалау рәсімдері мен тетіктері саласында тәжірибе алмасу;
  • сарапшылар алмасу жолымен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу және тағы басқа

Әріптестер