Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің Еуропалық тізілімі EQAR
2017 жылдың 20 маусымында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) Тіркеу комитетінің шешімімен білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық реестрге (EQAR) енгізілді. 2005 жылдан бастап EQAR сапа кепілдігінің ашықтығын арттыру және Еуропа елдерінде жұмыс істейтін агенттіктер туралы ақпарат беру арқылы Еуропалық жоғары білім аймағының одан әрі дамуын қамтамасыз ететін негізгі ұйым болып табылады. EQAR кіру - бұл жоғары жетістік және аккредиттеу органдарының мойындауы.
Бүгінгі таңда Еуропалық сапа кепілдігінің тізіліміне 27 елдің 49 агенттігі енгізілген. Қазақстан Болон процесіне қатысатын 48 елдің ішінде 23-ші ел болды. IAAR Еуропалық тізілімге қосу біздің агенттіктің стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады және осы мәртебеге ие болу үшін, IAAR өзінің жетекші шетелдік сарапшылар өткізетін көп сатылы бағалаудан өтті.
Танылған агенттік мәртебесін алу - IAAR қызметінің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау және осындай беделді ұйымның сенімінің куәсі болып табылады.
EQAR Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық тізілімге енгізілген аккредиттеу агенттіктері туралы ақпарат және IAAR енгізу туралы ресми шешім сілтеме бойынша қолжетімді
Сайтқа сілтемеРастайтын құжат (Eng)IAAR өзін-өзі бағалау есебі (Eng)
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастық ENQA
2016 жылдың 30 қарашасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастық (ENQA) Кеңесінің шешімімен халықаралық еуропалық мойындауға ие болды және ENQA-ның толық мүшесі мәртебесін алған алғашқы ұлттық аккредиттеу органы болды.
2021 жылы IAAR екінші толық ENQA аудитінен сәтті өтті. 2021 жылдың 7 желтоқсанында ENQA Кеңесінің шешімімен IAAR келесі 5 жылға ENQA мүшелігіне қайта енгізілді.
Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастық ENQA 2000 жылы осы саладағы еуропалық елдердің ынтымақтастығын дамыту үшін жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық желі ретінде құрылды. Жоғары білім беру сапасын бағалау жөніндегі Еуропалық пилоттық жоба осындай ұйымды құруға түрткі болды (1994-1995 жж.), оны іске асыру барысында бірінші жоспарға сапаны қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығы болды. Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы Еуропалық ынтымақтастық идеясы Еуропалық кеңестің қолдауына ие болды, бұл Еуропалық кеңестің 1998 жылы 24 қыркүйектегі ұсынымдарында және Болон декларациясында (1999 ж.) көрініс тапты. 2004 жылы қарашада желінің Бас Ассамблеясында ұйымның жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастыққа қайта атау туралы шешім қабылданды. ENQA құрылған сәттен бастап оның қызметін Еуропалық комиссия қаржыландырады.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) толық мүшелігі туралы толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді
Сайтқа өтуIAAR толық мүшелігі туралы ENQA шешімі (Eng)IAAR толық мүшелігі туралы куәлік (Eng)IAAR өзін-өзі бағалау есебі (Eng)ENQA сарапшылар есебі (Eng)
Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы ВФМО
Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы (WFME) – халықаралық ұйым, оның міндеті жоғары ғылыми және этикалық стандарттарды енгізу арқылы бүкіл әлемде медициналық білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Медициналық білім беру сапасын жақсарту жөніндегі халықаралық қызмет 1984 жылдан бастап медициналық білім беруді жаңғыртудың халықаралық бағдарламасын жүргізуден басталды.
WFME Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, Дүниежүзілік Медициналық Қауымдастықпен, ЮНЕСКО және БҰҰ бейінді агенттіктерімен, Еуропадағы медициналық білім беру және медициналық мектептер қауымдастықтарымен және құрамына Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі IAAR кірген түрлі елдердің басқа да салмақты ұйымдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.
2017 жылы 14 желтоқсанда білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін көптеген халықаралық қауымдастықтар мойындаған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымың тағы бір жоғары мәртебесіне ие болды, бұл IAAR жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін растауды жалғастыруда.
IAAR – Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы мойындаған ТМД елдерінің алғашқы ұйымы, бұл медициналық ұйымдар мен бағдарламаларға халықаралық аккредиттеу жүргізуге құқық береді.
Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық білім беру ұйымдарының IAAR аккредиттеуден өтуі ұлттық мақсатқа − шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білім беру секторының экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал етеді.
WFME cайтына өтуТану туралы WFME шешімі (Eng)WFME сарапшыларының тану туралы есебі (Eng)WFME тану туралы куәлік (Қазақстан Республикасы) (Eng)WFME тану туралы куәлік (Ресей Федерациясы) (Eng)WFME тану туралы куәлік (Молдова Республикасы) (Eng)WFME тану туралы куәлік (Тәжікстан Республикасы) (Eng)WFME тану туралы куәлік (Қырғыз Республикасы) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Украина) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Румыния) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Беларусь Республикасы) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Өзбекстан Республикасы) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Әзірбайжан Республикасы) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Палестина мемлекеті) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Доминика) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Сомали) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Белиз) (Eng) WFME тану туралы куәлік (Барбадос) (Eng)
Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхит реестрі APQR
Аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігі IAAR Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхиты тізіліміне (APQR) ену мақсатында тәуелсіз бағалаудан өтті.
2020 жылдың маусым айында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) APQR Кеңесінің шешімімен Азия-Тынық мұхиты тізіліміне (APQR) 5 жыл мерзімге енгізілді.
Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты желісінің Бас Ассамблеясы APQR 2012 жылы Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тізілімін APQR құру туралы ұсынысты мақұлдады. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы сапаны сыртқы қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің тізілімі APQR болып табылады. Халықаралық сарапшылар тобы тарапынан тәуелсіз сыртқы бағалау APQR-ға енгізудің негізі болып табылады.
APQR негізгі мақсаттары:
APQR-ға енгізілген және қабылданған ұйымдар APQR-мен ынтымақтастықта халықаралық жоғары оқу орындарын / білім беру бағдарламаларын аккредиттей алады.
APQR туралы толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді
Сайтқа өтуAPQR үшін IAAR өзін-өзі бағалау есебі (Eng)APQR сарапшылар есебі (Eng)APQR ену куәлігі (Eng)
«IREG мақұлдады» белгісі («IREG Approved»)
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) «IREG бекітілді» («IREG Approved») белгісін пайдалануға мойындау және құқық алу мақсатында IREG Observatory халықаралық аудитін өтті.
2020 жылдың қаңтар айында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) IREG Observatory on Academic Ranking and Excellence халықаралық аудитінен табысты өткен және «IREG мақұлдаған» (IREG Approved) белгісін алған Орталық Азиядағы бірінші және жалғыз ұйым болды.
«IREG бекітілді» белгісін алу IAAR рейтингі әдіснамасының сәйкестігін растайды, сондай-ақ IAAR рейтингтік зерттеулер рәсімдері және нәтижелерді ұсыну жоғары сапа стандарттарына жауап беретінін көрсетеді.
IREG Observatory «IREG бекітілді» ("IRIG Approved") белгісін беру процесі IREG Observatory негізгі өлшемдеріне сәйкес рейтингтік ұйымдарды тәуелсіз тексеруді көздейді. Тек IREG Observatory критерийлеріне сәйкес келетін рейтингтік ұйымдар ғана «IREG бекітілді» ("IREG Approved") сапа белгісіне лайықты.
Жоғары білім беру рейтингінің маңыздылығының өсуіне сәйкес бүкіл әлемде IREG ранжирлеу жөніндегі халықаралық сарапшылар тобы Ең үздік ранжирлеу тәжірибесін сипаттайтын құжатты жариялады. «Жоғары оқу орындарын ранжирлеудің Берлин принциптері» рейтингтер мен рейтингтік ұйымдардың сапасы туралы қорытындылар үшін жалпы қабылданған стандарт болды.
Рейтингке қызығушылық өсуде, әлемнің көптеген елдерінде рейтингтер сапаны бағалаудың маңызды құралдарына және кейбір жағдайларда мемлекеттік қаржыландыру деңгейін анықтаудың құралына айналатыны анық. Осы фактілерге сәйкес IREG Observatory сияқты тәуелсіз топтағы белгілі бір рейтингтік агенттіктің қызметі Берлин қағидаттарына ғана емес, сонымен қатар қосымша сапа критерийлеріне сәйкес келетіндігін сертификаттау процесін әзірлеу қажеттілігі артады.
«IREG бекітілді» сапа белгісі туралы толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді
IREG cайтына өту IREG үшін IAAR өзін-өзі бағалау есебі (Eng)IREG сарапшыларының аудиторлық есебі (Eng)«IREG Approved» мойындау куәлігі (Eng)
Әріптестер