“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«Білім-Стандарт» тәуелсіз аккредиттеу агенттігі

«Білім-Стандарт» тәуелсіз аккредиттеу агенттігі Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу кеңесі шешімімен (Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылдың 16 маусымындағы №793/2 бұйрығы бойынша) өз жұмысын бастады.

«Білім-Стандарт» агенттігінің негізгі міндеттері ретінде -  орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерін институционалды және бағдарламалық аккредиттеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру саналады. «Білім-Стандарт» агенттігінің қызметі Қырғыз Республикасының білім беру жүйесіне сапа кепілдігі жүйесін құру және дамыту арқылы түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған.

«Білім-Стандарт» Қырғызстандағы жоғары, кәсіптік және жалпы білім берудің сапасын сыртқы бақылауға байланысты көптеген функцияларды іске асырады, сондай-ақ, халықаралық сапа кепілдігі желілерінің жұмысына қатысады (Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз етудің Халықаралық желісі, Білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуразиялық желісі, Жоғары оқу орындарындағы сапа кепілдігі жөніндегі Еуропалық қауымдастық және т.б.)

Әріптестер