“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Қарағанды ​​медицина университетінің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысты

02.06.2025

2025 жылғы 2 маусымда Бас директор А.Б. Жұмағұлова және Бас директордың кеңесшісі О. А. Яновская Қазақстан Республикасының жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі Қарағанды медициналық университетінің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Бас директор А.Б. Жұмағұлова университет ұжымын мерейтойымен құттықтап, медицина кадрларын даярлаудың жоғары деңгейін, ғылым мен халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктерді атап өтіп, ЖОО-ның одан әрі табысты дамуына сенім білдірді. Университеттің мерейтойы еліміздің барлық медициналық қоғамдастығы үшін маңызды оқиға болды, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және шет елдерден келген өкілді қонақтарды жинады. Мереке аясында университетте "Медициналық білім 4.0: жаһандық трендтер және жергілікті шешімдер" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, дөңгелек үстелдер, тренингтер мен шеберлік сыныптары өтті.

Әріптестер