“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Бас директоры Стратегиялық әріптестердің халықаралық форумына қатысты

19.11.2026

2026 жылғы 19 қарашада Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Бас директоры А. Жумагулова Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Стратегиялық әріптестердің III халықаралық форумына қатысты.

Іс-шара білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылау мақсатында академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің басын қосты.

Форумда Қазақстан Республикасында филиалдары жұмыс істейтін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары сөз сөйледі.

IAAR-дың форумға қатысуы Агенттіктің білім беру жүйесін дамыту, кадрлар даярлау сапасын арттыру және ұлттық әрі халықаралық деңгейде әріптестікті нығайту мәселелеріндегі белсенді ұстанымын көрсетеді.

Әріптестер