“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR «Білім беру бағдарламаларының сапасы» семинарының жұмысына қатысты

16.11.2026


2026 жылғы 11–12 желтоқсанда Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық офисі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Еуропалық білім беру және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында ұйымдастырған «Білім беру бағдарламаларының сапасы» семинарының жұмысына қатысты.

IAAR Бас директорының кеңесшісі Ольга Алексеевна Яновская екі сессияда: «Аккредиттеу, рейтингтер және сапаны сыртқы қамтамасыз ету» және «Микробіліктіліктерді тану және оларды іске асыру сапасын қамтамасыз ету» тақырыптарында презентациялар жасады.

Семинардың негізгі мақсаты – цифрландыру үдерістерін, жасанды интеллектіні (ЖИ) интеграциялауды және адами капиталды дамытуға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету мен жетілдірудің заманауи тәсілдерін талқылау.

Семинар жұмысына 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында жоғары оқу орындарының проректорлары, департамент директорлары, жоғары оқу орындарының мүдделі қызметкерлері мен сарапшылар болды.

Әріптестер