“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША VII ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

07.10.2023

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR/ НААР) Сіздерді 2022 жылдың 6-7 қазанында Астана қаласы (Қазақстан Республикасы) Оқушылар сарайы (Б.Момышұлы көшесі, 5) ғимаратында өтетін «Білім берудің тұрақты болашағы – сапа және бәсекеге қабілеттілік: тарихи көзқарас, бүгінгі жағдайы мен басымдықтары» білім сапасын қамтамасыз ету бойынша VII Орталық Азия Халықаралық Форумының жұмысына қатысуға шақырады.

Жыл сайынғы IAAR форумы білім сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге, академиялық қоғамдастық пен халықаралық еңбек нарығының сапа мәдениетін және сындарлы өзара әрекеттестігін одан әрі дамытуға бағытталған.

Форумның жұмысына Қазақстан, Бельгия, Үндістан, Малайзия, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Армения және басқа мемлекеттік органдарының, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық желілердің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары қатысады.

Форум келесі негізгі мәселелерді талқылайды:

  1. Білім беру жүйесінің дамуындағы жаһандық сын-қатерлер мен тенденциялар
  2. Цифрлық трансформация жағдайында ғылыми және білім беру модельдері мен технологияларын дамыту
  3. Медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету: ғылым мен тәжірибенің интеграциясы

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Форумға қатысу тегін. Жолақы мен тұру ақысы жіберуші тараптың немесе Форумға қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.

Форум қорытындысы бойынша материалдардың электронды жинағын шығару жоспарлануда. Жинақта жариялану тегін. Жариялауға арналған материалдар келесі талаптарға сәйкес дайындалуы керек (1-қосымша) және 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін: iaarforum2023@gmail.com  электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

VII Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша орталық азиялық халықаралық форумының бағдарламасы

Форумға қатысушыларды тіркеу онлайн режимінде 2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін www.iaar.agency сайтында  сілтемесі арқылы жүзеге асырылады.

Ұсынылған қонақ үйлер туралы ақпаратты келесі сілтемеден алуға болады.

Қосымша ақпаратты Форумның Ұйымдастыру комитетінен келесі e-mail арқылы алуға болады: iaarforum2023@gmail.com, iaar@iaar.kz.

Байланысушы тұлғалар:

                              Канапьянов Тимур Ерболатович +7 (7172) 768 559,

                              Сайдулаева Малика Ахъядовна  +7 (7172) 768 560

Сіздерді жыл сайынғы халықаралық форумымызда қуана күтеміз!

Әріптестер