“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША VIII ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

01.07.2024

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR/ НААР) Сіздерді 2024 жылдың 4 қазанында Astana IT-University, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/11. ЭКСПО бизнес орталығы, С1 блогы, конференц-зал (Қазақстан Республикасы) өтетін «Білім беру сапасын арттыру – ақпараттық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының стратегиялық даму феномені ретінде» білім сапасын қамтамасыз ету бойынша VIII Орталық Азия Халықаралық Форумының жұмысына қатысуға шақырады.

Жыл сайынғы IAAR форумы білім сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге, академиялық қоғамдастық пен халықаралық еңбек нарығының сапа мәдениетін және сындарлы өзара әрекеттестігін одан әрі дамытуға бағытталған.

Форумның жұмысына жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) Президенті Дуглас Блэксток және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық Реестрдің (EQAR) Президенті - Стефан Ловик, мемлекеттік органдардың, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық желілердің өкілдері және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Франция, Ұлыбритания, Гонконг, Түркия, Молдова, Армения, Латвия жоғары оқу орындарының басшылары қатысады.

Форум келесі негізгі мәселелерді талқылайды:

  1. Инновациялық түрлендіру жағдайында білім беру сапасын қамтамасыз етудің жаңа парадигмасы 
  2. Медициналық білім, ғылым және практиканың интеграциясы
  3. Жасанды интеллект білім беру жүйесі архитектурасының дамуына қалай әсер етеді?

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Форумға қатысу тегін. Жолақы мен тұру ақысы жіберуші тараптың немесе Форумға қатысушының өз есебінен жүзеге асырылады.

VIII Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша орталық азиялық халықаралық форумының бағдарламасы

Форумға қатысушыларды тіркеу онлайн режимінде 2024 жылдың 20 қыркүйегіне дейін www.iaar.agency сайтында «Оқиғалар» бөлімінде келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады.

Ұсынылған қонақ үйлер туралы ақпаратты келесі сілтемеден алуға болады.

Қосымша ақпаратты Форумның Ұйымдастыру комитетінен келесі e-mail арқылы алуға болады: iaarforum2024@gmail.com, iaar@iaar.kz.

Байланысушы тұлғалар:

Канапьянов Тимур Ерболатович +7 (7172) 768 559,

Сайдулаева Малика Ахъядовна  +7 (7172) 768 560

Сіздерді жыл сайынғы халықаралық форумымызда қуана күтеміз!

  • 24.11.2025 APQN Annual Academic Conference (AAC) and Annual General Meeting (AGM) 2024

    APQN 2024 AAC and AGM “Quality Assurance and Global Tertiary Education: Navigating Challenges and Embracing Innovation” will tentatively be held from the 26th to 29th September 2024 in St. Petersburg

  • 24.10.2025 Генеральная ассамблея ENQA 2025

    Генеральная ассамблея ENQA 2025 пройдет 23–24 октября 2025 года в Брюсселе (Бельгия), объединив членов и партнеров Европейской ассоциации агентств по обеспечению качества высшего образования (ENQA).

  • 25.05.2025 World Federation for Medical Education Conference 2025

    WFME will hold the International Conference in in the vibrant city of Bangkok, Thailand on 25 – 28 May 2025

  • 10.06.2024 INQAAHE 14th Biennial Forum 2024

    The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education (INQAAHE) and the Romanian Agency for Quality Assurance in Higher Education (ARACIS) will hold the 14th INQAAHE Forum in Bucharest (Romania): “Transforming Society: Social Responsibility through Quality Assurance of Tertiary Education” in June 10-12, 2024

Әріптестер