“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR негізінде – Астана қаласында халықаралық Workshop 2023 және CEENQA жыл сайынғы Бас Ассамблеясы

01.01.1970

2022 жылы Орталық және Шығыс Еуропадағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктері желісінің Бас ассамблеясында (CEENQA) келесі жыл сайынғы Бас ассамблея мен халықаралық Workshop-ты Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) негізінде 2023 жылдың 2-3 маусымы Астана қаласында  өткізу туралы шешім қабылданды.

CEENQA Бас Ассамблеясының жұмысына Германия, Австрия, Эстония, Латвия, Литва, Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Сербия, Черногория, Албания, Солтүстік Македония, Болгария, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Солтүстік Кипр, Молдова, Түркия және Украинадан келген 50-ден астам аккредиттеу агенттіктерінің басшылары, сондай-ақ ENQA, EQAR, INQAAHE және APQN жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық желілері қатысады деп жоспарлануда.

Бас Ассамблея мен халықаралық workshop Қазақстанда және бүкіл Орталық Азияда білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамыту үшін үлкен маңызға ие.

Әріптестер