IAAR Бас директоры – IVETA «Women Leaders in Educational Excellence» құрметті сыйлығының иегері
07.03.2023
2023 жылдың 6-7 наурызында IAAR Бас директоры – Жұмағұлова Алина Бақытжанқызы «Women Leaders in Educational Excellence» жоғары марапатты алған үміткерлер арасында жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімі Ирландияның Дублин қаласында «Futureland. Next Generation Education» халықаралық конференциясы барысында өтті. «Women Leaders in Educational Excellence» сыйлығын халықаралық кәсіптік білім беру және оқыту қауымдастығы (IVETA) білім беруді дамытуға және халықаралық деңгейде сапа мәдениетін ілгерілетуге елеулі үлес қосқан көшбасшы әйелдерге арналған. IAAR Бас директоры – Жұмағұлова Алина Бақытжанқызының алған халықаралық марапаты – бұл жеке үлестің жоғары жаһандық мойындалуы, көп жылғы жемісті еңбегін бағалаудың белгісі және тұтастай алғанда Тәуелсіз агенттіктің үлкен жетістігі.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұжымы Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке IAAR бас директоры Жұмағұлова Алина Бақытжанқызының жоғары білім беруді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны және «Women Leaders in Educational Excellence» (IVETA) марапатымен мадақталуына орай құттықтау жолдағаны үшін үлкен алғыс білдіреді.
Әріптестер