“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

AQAAIW

Ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасының кепілдігі агенттіктері Қауымдастығы (AQAAIW) 2011 жылдың 4 мамырында білім беру сапасы кепілдігі агенттіктері мен ислам әлемі мемлекеттерінде жоғары білім сапасына жауапты мемлекеттік органдарының қауымдастығы ретінде құрылды.

AQAAIW мақсаты – ислам әлемі мемлекеттеріндегі жоғары білім сапасын жақсарту.

AQAAIW өз алдына келессі тапсырмаларды қояды:

• ислам әлемі мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасы кепілдігі агенттіктерінің потенциалын жоғарылату;

• ислам әлемі мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасы кепілдігі агенттіктерінің өзара білім мен тәжірибе алмасуына, серіктесуіне көмек көрсету;

AQAAIW серіктестіктің екі категориясын ұсынады: толық және қауымдастқан. AQAAIW толық мүшелеріне білім беру сапасын сыртқы қамтамасыз ету мемлекеттік агенттіктері немесе ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасын сыртқы қамтамасыз ету мемлекеттік органдары немесе Орындаушы комитет бекіткен басқа да ұйымдар жатады. Ал AQAAIW қауымдасқан мүшелері бағалау, аккредиттеу немесе жоғары білім беру сапасын жоғарылату үрдістеріне белсенді қатысқан Орындаушы комитет бекіткен Ислам әлемі мемлекеттерінің қызығушылық танытқан ұйымдастықтары болуы мүмкін.

Қазіргі таңда AQAAIW құрамында 37 мүше бар: 16 толық, 21 қауымдасқан.

АРТА AQAAIW толық мүшесі болып табылады.

Әріптестер