Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы (WFME) – халықаралық ұйым, оның міндеті жоғары ғылыми және этикалық стандарттарды енгізу арқылы бүкіл әлемде медициналық білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Медициналық білім беру сапасын жақсарту жөніндегі халықаралық қызмет 1984 жылдан бастап медициналық білім беруді жаңғыртудың халықаралық бағдарламасын жүргізуден басталды.
WFME Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, Дүниежүзілік Медициналық Қауымдастықпен, ЮНЕСКО және БҰҰ бейінді агенттіктерімен, Еуропадағы медициналық білім беру және медициналық мектептер қауымдастықтарымен және құрамына Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі НААР/IAAR кірген түрлі елдердің басқа да салмақты ұйымдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.
2017 жылы 14 желтоқсанда білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін көптеген халықаралық қауымдастықтар мойындаған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымың тағы бір жоғары мәртебесіне ие болды, бұл НААР/IAAR жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін растауды жалғастыруда.
НААР/IAAR – Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы мойындаған ТМД елдерінің алғашқы ұйымы, бұл медициналық ұйымдар мен бағдарламаларға халықаралық аккредиттеу жүргізуге құқық береді.
Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық білім беру ұйымдарының НААР/IAAR аккредиттеуден өтуі ұлттық мақсатқа − шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білім беру секторының экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал етеді.
Әріптестер