“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR орта білім беру ұйымдарына сыртқы сараптау комиссиясының сапарына халықаралық сарапшыларды даярлау мақсатында мектеп басшыларына арналған оқыту семинарын өткізді

17.02.2026

2026 жылғы 17 ақпанда Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА/IAAR) орта білім беру ұйымдарына сыртқы сараптау комиссиясының сапарына халықаралық сарапшыларды даярлау мақсатында мектеп басшыларына арналған оқыту семинарын өткізді. Семинарға Қазақстан Республикасының 40-тан астам мектеп басшысы қатысты.

Құттықтау сөзімен және «Халықаралық аккредиттеу мектептердегі білім сапасын қамтамасыз ету тетігі ретінде» тақырыбындағы презентациямен АРТА/IAAR Бас директорының кеңесшісі Яновская Ольга Алексеевна сөз сөйледі. Ол агенттіктің еліміздегі мектептерде білім сапасын қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атап өтіп, мектептерге сыртқы бағалау жүргізу тәжірибесімен және сарапшылар ұсынымдарының мектептердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпалы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ аккредиттеуді орта білім беруді тиімді дамыту мен қоғам сенімін нығайтудың маңызды құралы ретінде белгіледі.

Халықаралық аккредиттеу жобасының жетекшісі Ауезханова Жұлдыз Аубакировна халықаралық аккредиттеу стандарттарына шолу жасап, олардың негізгі талаптарын таныстырды. Постаккредиттеу мониторингі жобасының жетекшісі Бекенова Динара Қайырбековна мектептерді сыртқы бағалау үдерісіндегі сарапшының рөлі, функциялары, міндеттері мен этикалық қағидаттары туралы баяндады.

АРТА/IAAR аясында халықаралық аккредиттеуден өту тәжірибесімен Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Гүлбаршын Ғалымовна бөлісті. Ол сыртқы бағалау рәсімінің білім сапасына, басқару үдерістеріне және мектептің стратегиялық даму бағытына оң әсерін атап өтті.

Семинар соңында қорытындылар жасалып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Оқу нәтижелері бойынша тыңдаушыларға АРТА/IAAR халықаралық сарапшысы сертификаттары табысталды.

Әріптестер