X Орталық Азиялық Халықаралық Форумы
02.10.2026
Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі (НААР/IAAR) Сізді білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі X Орталық Азиялық Халықаралық Форумына қатысуға шақырады. Форумның тақырыбы: «ЖИ және цифрлық технологиялар дәуіріндегі сапаны арттыру: білім берудің жаңа көкжиектері», НААР/IAAR-дың 15 жылдығына арналған.
Форум 2026 жылдың 2-3 қазанында Астана қаласында өтеді.
НААР/IAAR жыл сайын ұйымдастыратын Форум білім берудің ішкі және сыртқы сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге, сапа мәдениетін насихаттауға және академиялық қауымдастық пен халықаралық еңбек нарығының конструктивті өзара іс-қимылына бағытталған. Форум аясында келесі негізгі мәселелерді талқылау жоспарланған:
· Инновациялық өзгерістер жағдайындағы білім беру сапасын қамтамасыз етудің жаңа парадигмасы
· Медициналық білімді, ғылым мен практиканы интеграциялау
· Жасанды интеллект білім беру жүйесінің архитектурасын дамытуға қалай әсер етеді?
Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша. Форумға қатысу тегін.
Форумға тіркелу үшін мына сілтемені басыңыз: Тіркелу
IAAR қонақтарына арналған арнайы бағалары бар қонақ үйлер туралы ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады.
Әріптестер