“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Саясат

IAAR

  • білім беру сапасын қамтамасыз етуде дамудың жоғары нәтижесіне және IAAR әлеуетінің тұрақты өсуіне ұмтылады;
  • барлық деңгейдегі тұтынушылар: мемлекет, қоғам, білім және ғылым ұйымдары, жұмыс берушілер, білім алушылар, қоғамдық ұйымдар үшін тұрақты дамуға және білім сапасын бағалау саласында сапалы қызметтермен қамтамасыз етуге бағдарланған сапаны қамтамасыз ету саласындағы Саясатты жүзеге асырады;
  • қызмет сапасын арттырады, аккредиттеу рәсімдерін жүргізу құралдары мен әдіснамасын жетілдіреді, қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне және нарық талаптарына икемді ден қою мақсатында инновациялық тәсілдерді енгізеді;
  • қабылданған міндеттемелер үшін барынша жауапкершілікке негізделген кері байланыс және өзара тиімді серіктестік қағидаттарында тұтынушылармен сындарлы өзара іс-қимыл жасайды;
  • білім беру ұйымдарына сапаны қамтамасыз етудің үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес білім беру және ғылыми қызметтің тиімділігін арттыруға және дамытуға жәрдемдеседі.

 IAAR басым назар бөледі:

  • сапа мәдениетін қалыптастыру;
  • даму стратегиясымен және саясатпен келісілетін шешімдер қабылдайды, қызмет нәтижелерін талдау, мониторингілеу және өлшеу үдерісінде алынған шынайы ақпарат пен фактілерге негізделеді;
  • қызмет пен ресурстарды басқарудағы жүйелі және үдерістік тәсілдерді іске асыру;
  • қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге IAAR барлық қызметкерлері мен мүдделі тараптарды тарту;
  • халықаралық аккредиттеуді жүргізу үшін құзыретті ұлттық және халықаралық сарапшыларды тарту;
  • сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін тұрақты жақсарту;
  • тану жөніндегі органдар, аккредиттеу агенттіктері және халықаралық желілер- ұлттық және шетелдік серіктестермен кең ынтымақтастықты қолдау және дамыту.

IAAR басшылығы Сапа саясатын мақұлдай және түсіндіре отырып ол дұрыс түсініліп, мойындағандықтан, әр IAAR қызметкері орындалатын жұмыстың сапасына жауап береді.

Әріптестер