“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Жаңа «таза парақтан» реттеу саясаты

21.02.2023

2023 жылғы 20-21 ақпанында Бас директордың кеңесшісі – О.А. Яновская Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы қаласында NARXOZ университетінің базасында өткен жаңа реттеу саясатын іске асыру мәселелері бойынша өткізген семинарына қатысты. 

Пленарлық отырысты Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Г.И.Көбенова ашып, реттеу саясатының жаңа негізгі тәсілдеріне тоқталды.

Семинарда университеттердің академиялық саясаты мен беделі, Мемлекеттік білім беру стандарттары, жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелері, ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі, сыртқы бағалау – университеттер мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің өзекті мәселелері, сондай-ақ заманауи кадрлар мен бюджеттік саясат және т.б. мәселелер талқыланды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы, Ұлттық тестілеу орталығы, Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы, ректорлар, академиялық мәселелер, ғылым, қаржы, кадр, цифрландыру бойынша проректорлар және жоғары оқу орындары құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Әріптестер