“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

2021 жылдың 11-13 қазанында «Tel инновациялары мен білім сапасы» халықаралық конференциясы өтті

13.10.2021

2021 жылдың 11-13 қазанында  Алматы қаласы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында KUTEL «Қазақ университеттерінде технологиялық жетілдірілген оқытудағы сапаны қамтамасыз ету үдерістерін ынталандыру» жобасы аясында «Tel инновациялары мен білім сапасы» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Кеңесшісі – профессор О.А.Яновская, Халықаралық қатынастар жөніндегі Бас директордың орынбасары  - Т.Канапьянов, Ақпараттық-талдау жобасының жетекшісі - Н.А.Қыдырмина белсенді қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты - технологияны қолдана отырып оқытудың сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін енгізу, Қазақстанда аккредиттеу стандарттарын жетілдіру мен енгізуді қамтамасыз ету арқылы жоғары білім беруді реформалау мен жаңғырту үдерістерін талқылау, сондай-ақ, технологияға негізделген курстар мен ұлттық деңгейдегі оқу бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етудің нұсқаулықтары/процедураларының аспектілерін талқылау болды.

Конференцияда IAAR Кеңесшісі  - О.А. Яновская «KUTEL жобасы шеңберінде электронды білім беру сапасын қамтамасыз етудің заманауи тенденциялары» тақырынба баяндама жасады. Баяндамада жоғары оқу орындарында білім беру сапасын сыртқы бағалауға ерекше назар аударылды, білім беру кеңістігін жаһандық цифрландыру, Қазақстандағы бейімделуді ескере отырып, шетелдік тәжірибеге салыстырмалы талдау ұсынылды. Ақпараттық-талдау жобасының жетекшісі Н.А.Қыдырмина KUTEL жобасы шеңберінде WP5 Management, WP3 сапа кепілдігі, WP2 TEL, WP4 тарату және эксплуатация бойынша QA саясатын әзірлеуге және қол жеткізілген нәтижелерді талқылауға қатысты.

Әріптестер