19 маусымда «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ базасында Денсаулық сақтау-дайындық бағыты бойынша оқу-әдістемелік кеңес отырысы өтті
24.06.2019
19 маусымда «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ базасында Денсаулық сақтау-дайындық бағыты бойынша оқу-әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырыста медициналық білім беру саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының стратегиялық көрсеткіштері, МЖМБС-2019 енгізу, «Мейірбике ісі» мамандығының қолданбалы және академиялық бакалавриат мәселелері және т. б. талқыланды. Отырысқа медициналық жобалардың жетекшісі А. Аймұрзиева қатысты. Тәуелсіз аккредиттеу агенттіктері өкілдерінің талқылауына қатысу сапаны бағалау саласында, сондай-ақ жалпы медициналық білім беру жүйесінде жұмыс істеу үшін өте маңызды болып табылады.
Әріптестер