“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

2021 ENQA online General Assembly and Associated Webinars

21.10.2021

2021 жылы 21 қазанда Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) жыл сайынғы Бас Ассамблеясы онлайн форматта өтті.  Ассамблеяға ENQA толық және қауымдастырылған мүшелерінің 110-нан астам өкілі қатысты. Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) атынан Ассамблеяға IAAR Бас директоры - А.Б. Жұмағұлова және Халықаралық қатынастар жөніндегі Бас директордың орынбасары  - Т.Канапьянов қатысты.

Бас Ассамблеяның күн тәртібінде жылдық жұмыс барысы туралы есепті талқылау, ENQA агенттіктерді тексеру рәсімдері бойынша нұсқаулықтарды жаңарту, ENQA жаңа мүшелерін сайлау, келесі жылға арналған іс -шараларды жоспарлау, ұйымның даму перспективаларын талқылау, 2022 ENQA форумы мен Бас Ассамблеясын өткізу және желінің басқа да ұйымдастыру мәселелері орын алды.

Бас Ассамблея отырысы барысында ENQA Кеңесінің жаңа мүшелері сайланды: Øystein Lund (NOKUT), Jolanta Silka (AIC), Karena Maguire (QQI) және Patrick Van den Bosch (VLUHR QA). Сонымен бірге ENQA жаңа вице-президенті болып Øystein Lund (NOKUT) сайланды. Осыған байланысты, IAAR командасы ENQA Кеңесінің жаңа мүшелерін шын жүректен құттықтап, оларға сәттілік пен көздеген мақсаттарына жетуді тілейді.

ENQA Бас Ассамблеясының екінші бөлігі “СOVID-тен кейінгі кезеңдегі сапаны қамтамасыз ету” (“QA fit for the Post-Covid Era”) онлайн-семинарымен жалғасты. Семинар барысында жоғары білім беру ұйымдары перспективасын Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) жоғары білім саясаты жөніндегі директорының орынбасары Thérèse Zhang ұсынды; студенттер көзқарасын Еуропалық студенттер одағының (ESU) вице-президенті Jakub Grodecki ұсынды; Сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің тәжірибесі мен көзқарасын AQAS неміс агенттігінің басқарушы директоры Doris Herrmann ұсынды.

Бас Ассамблея туралы толық ақпарат ENQA веб -сайтында орналасқан.

Әріптестер