2021 жылы 22 ақпанда IAAR Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кездесуге шақырылды
22.02.2021
2021 жылы 22 ақпанда IAAR Бас директоры - Жұмағұлова А.Б. және Кеңесшісі - Яновская О.А. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне кездесуге шақырылды және отырыстағы талқылауға белсенді қатысты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған кездесуге Қазақстандағы мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Кездесуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі - Аймағамбетов А.Қ., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры - Тойбаев А.Ж., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы - Көбенова Г.И. және Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының төрағасы - Алшанов Р.А. сөз сөйледі. Кездесуде еліміздің жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Әріптестер