2025 жылдың 27 наурызында Британ Кеңесінің ұйымдастыруымен семинар өтті
27.03.2025
2025 жылдың 27 наурызында «Қазақстанда трансұлттық білім беруді (ТБ) жүзеге асырудағы кедергілерді талқылау және халықаралық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті, онда Аккредиттеу және рейтинг бойынша тәуелсіз агенттік бас директорының кеңесшісі Яновская О.А. қатысты. Британдық кеңес ұйымдастырған семинар қоғам сұранысын ескере отырып, трансұлттық білім беруді дамытуға бағытталған. Семинарда Қазақстандағы шетелдік филиалдарды сыртқы бағалаудың тетіктері мен тәсілдері талқыланды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жоғары білімді дамыту орталығының, аккредиттеу агенттіктерінің және республиканың жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Әріптестер