Қазақстан студенттер Альянсы-IAAR серіктесі
10.11.2020
2020 жылғы 6-7 қарашада IAAR өкілдері Жастар ісі жөніндегі комитеттердің екінші слеті мен Қазақстан Студенттер альянсының XVII слетінің жұмысына қатысты. Слет жұмысына студенттер активінің, академиялық қоғамдастықтың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Студенттік слеттің негізгі мақсаты-заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес жоғары білімді трансформациялауға және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша республикалық он-лайн және оф-лайн диалогтық алаңдар құру. Стратегиялық даму жөніндегі кеңесші Искакова Г.К. "Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеудегі студенттік қоғамдастықтың рөлі" баяндамасымен сөз сөйлеп, студенттерді аккредиттеу қызметіне кеңінен тарту бойынша IAAR тәжірибесімен бөлісті.
Әріптестер