“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Астана экономикалық форумы

17.05.2019

2019 жылғы 16 мамырында жаһандық қаржы-экономикалық жүйенің өзекті мәселелері мен проблемалары, әлемдік экономика мен мемлекеттердің ұзақ мерзімді тұрақты дамуының әлеуеті мен мүмкіндіктері, Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы рөлі, сондай-ақ қазіргі заманның негізгі экономикалық және әлеуметтік сын-қатерлеріне қарсы күрес жөніндегі шешімдерді іздестіру талқыланатын ірі халықаралық алаң ретінде Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады.

Форум жұмысына әлемнің түрлі елдерінен келген мыңдаған делегаттар, соның ішінде мемлекеттердің бірінші тұлғалары, жетекші саясаткерлер, Нобель сыйлығының лауреаттары, белгілі ғалымдар, журналистер мен бизнес элита өкілдері қатысады.

АРТА өкілдері «Жасыл өсу үшін инновациялық экожүйелерді құру: ғылым, білім және технологиялар» панельдік сессиясының жұмысына белсенді қатысты, онда «жасыл» технологияларды дамыту жағдайында кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. Сессия спикерлері ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Н. Әбдіқалықова, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері А. Н. Назарбаева, ҚР Білім және ғылым министрі К. Н. Шамшидинова, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Рәпіл Жошыбаев, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің құрметті бас директоры Аднан Амин, қоршаған орта жөніндегі дирекция директорының орынбасары, ЭЫДҰ Энтони Кокс және т. б.

Әріптестер