«Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі халықаралық аккредиттеудің рөлі» атты Семинар-тренинг
29.05.2019
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IAAR) 2019 жылы 27 мамырда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп И. Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің базасында «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі халықаралық аккредиттеудің рөлі» атты семинар-тренинг өткізді.
Семинарда АРТА/IAAR директоры Жумагулова Алина Бакытжановна «Халықаралық аккредиттеу – мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында сөз сөйледі. Семинар-тренингтің екінші бөлімі белсенді форматта өтті және халықаралық аккредитацияны өткізу үшін Қырғызстан сарапшыларын халықаралық аккредиттеу өткізуге оқытуға және дайындауға бағытталды. Семинар-тренингке жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, декандары мен кафедра меңгерушілері, сондай-ақ Қырғыз Республикасының басқа да білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.
Әріптестер