Сапаны Қамтамасыз ету бойынша Орталық-Азиялық Форум
28.12.2017
2017 жыл 8 желтоқсанда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Нархоз Университетімен бірге Алматы қаласында Қазақстандағы жоғарғы білім сапасын және бәсекеге қабілеттілігін әлемдік стандарттарды ескеріп, жоғарылатудың өзекті мәселелеріне арналған «Сапаны Қамтамасыз ету бойынша Орталық-Азиялық Форум» өткізді.
Форум жұмысына ҚР Парламенті Сенат және Мәжіліс депутаттары, ҚР БҒМ және ведомоствалық мекемелері өкілдері, ҰКП «Атамекен», қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындары, жоғарғы білім және ғылым саласындағы халықаралық сарапшылар, жұмыс берушілер және студенттер қатысты. Форумға 400-ден аса адам қатысты, олардың ішінде 11 мемлекеттен келген шетел қонақтары болды (Қазақстан, Нидерланды, Греция, Польша, Ресей, Латвия, Түркия, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Еуропалық Одақ өкілдері).
Орталық-Азиялық форумның негізгі мақсаты – оқу бағдарламаларын, академиялық мобильділікті стратегиялық жоспарлау, жобалау және мониторингтеу, жоо арасындағы серіктестікті дамыту, сыртқы бағалау бойынша кәсіби қоғамдастық құру саласында үздік тәжірибенің таралуына әсер ететін, білім сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық диалогтық платформа құру.
Форумға қатысушылар іс-шара өтілуінің жоғарғы дәрежесін атап өтті және мұндай форум білім қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге жағымды әсер ететіндіктен, оны жыл сайын өткізуді ұсынды.
Әріптестер