“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«From Data to Policy - Linking Quality Assurance and Recognition» тақырыбында DEQAR CONNECT конференциясы өтті

07.12.2021

2021 жылдың 6-7 желтоқсанында DEQAR CONNECT конференциясы онлайн форматта Еуропалық Білім сапасын қамтамасыз ету агенттіктері тізілімімен (EQAR) ұйымдастырған «From Data to Policy - Linking Quality Assurance and Recognition» тақырыбында өтті.

Конференцияға IAAR бас директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Қанапьянов Тимур Ерболатұлы қатысты.

Конференция EHEA-ның негізгі міндеттемелері мен саяси мақсаттарын ескере отырып, Еуропалық жоғары білім кеңістігінің (EHEA) саясатын әзірлеуде Erasmus+ DEQAR CONNECT жобасының нәтижелерін пайдалануға арналды.

Конференция барысында келесі тақырыптар талқыланды:

  1. DEQAR CONNECT жобасының негізгі нәтижелері
  2. Автоматты танудағы DEQAR интеграциясы
  3. DEQAR арқылы саясаткерлерді ақпараттандыру
  4. Зерттеу және талдау үшін DEQAR пайдалану
  5. DEQAR қолдауы және болашаққа бағдар

IAAR 2020 жылдан бастап DEQAR CONNECT жобасының мүшесі болып табылады.

Еуропалық DEQAR тізілімі еуропалық деңгейде мойындалған сапаны қамтамасыз ету агенттіктерімен аккредиттелген білім беру бағдарламалары мен оқу орындарының тізілімі болып табылады. DEQAR-тың негізгі мақсаты – әлемдік қоғамдастықты еуропалық деңгейде мойындалған аккредиттеу агенттіктері, сондай-ақ халықаралық аккредиттеуден сәтті өткен университеттер туралы кеңінен ақпараттандыру.

IAAR аккредитациясынан өткен барлық білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық тізілімінің (EQAR) DEQAR дерекқорына енгізілген.

DEQAR-ға білім беру бағдарламалары мен білім беру ұйымдарының қосылуы олардың ESG сапаны қамтамасыз ету стандарттарына сәйкестігін растайды және Еуропалық жоғары білім аймағында аккредиттелген білім беру бағдарламаларын тану үшін негіз болып табылады.

DEQAR CONNECT конференциясы туралы толығырақ https://www.eqar.eu/about/projects/deqar-connect/conference/agenda/

Әріптестер