IAAR Бас директорының Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрімен ресми кездесуі өтті
27.02.2024
2023 жылғы 27 ақпанда тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) Бас директоры Алина Бақытжанқызы Жұмағұлованың Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі - Догдуркул Шаршеевна Кендирбаевамен ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында жоғары білім беру сапасын арттыру, білім беру қызметтерін дамытудың заманауи трендтері және халықаралық білім беру кеңістігінде жоғары оқу орындарының дипломдарын танудың маңыздылығы талқыланды.
Кездесуде Бас директор А. Б. Жұмағұлова халықаралық аккредиттеудің білім беру сапасын қамтамасыз етуге және білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, интернационалдандыруды, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, сондай-ақ шетелдік талапкерлер мен студенттер үшін аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тартымдылығына оң әсерін атап өтіп, Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарын сыртқы бағалау нәтижелерінің талдауын ұсынды. Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Д. Ш. Кендірбаева Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің елдегі білім сапасын қамтамасыз етудегі миссиясының маңыздылығын атап өтті.
Әріптестер