ENQA Бас Ассамблеясы
21.10.2019
Ереван қаласында өткен ENQA сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың шақыруымен НААР директоры А. Жұмағұлова ENQA-ның Х Бас Ассамблеясында баяндамашы болды. Биылғы жылы ENQA Бас Ассамблеясында еуропалық ынтымақтастықтың аймақтық перспективалары, жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз етудің жаңа трендтері мен болашағы сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
НААР директоры өз сөзінде Қазақстандағы Еуропалық ынтымақтастықтың жалпы сапаны қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің дамуына ықпал еткен немесе әсер ететін негізгі қосымша құндылықтарын атап өтті. А. Жұмағұлова Еуропалық сапа стандарттарына (ESG) назар аудару Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған екінші мемлекеттік бағдарламасынан бастап мемлекеттік саясат болып табылатындығын және ENQA-ға толық мүшелік Қазақстандық жоғары оқу орындарында ESG қағидаттарын енгізу мен ілгерілетуге ықпал ететіндігін атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген аккредиттелген жоғары оқу орындары ESG қағидаттарына сәйкес келеді, себебі НААР стандарттары ESG стандарттарымен үйлестірілген.
Күннің екінші жартысындағы бағдарлама ағымдағы мәселелерді: атқарылған жұмыс туралы есеп беру, келесі жылға қызметті жоспарлау, ENQA Директорлар Кеңесінің Вице-Президенттерін және Директорлар Кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау, ұйымның даму перспективаларын талқылау, 2020 жылы форум және ENQA Бас Ассамблеясын өткізу және желінің басқа да ұйымдастыру мәселелері бойынша мәселелерді талқылады.
Әріптестер