“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

ENQA Бас Ассамблеясы, 22 сәуір - 2021 жыл

22.04.2021

2021 жылдың 22 сәуірінде Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастықтың (ENQA) жыл сайынғы Бас ассамблеясы онлайн-форматта өтті.  Оған ENQA-ның 54 толыққанды мүшелер және 55 аффилиирленген мүшелер қатысты. Ассамблеяға IAAR атынан Бас директор Жұмағұлова А.Б. және бас директордың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Канапьянов Т.Е. қатысты.

Бас ассамблея барысында қауымдастықта атқарылған жұмыс туралы есеп,  ENQA-ның агенттіктерді Аудиттен өткізу жөніндегі Нұсқаулығына енгізілген өзгерістер, ENQA-ның жаңа мүшелерін бекіту, келесі жылға арналған жоспар мен ұйымның даму перспективалары талқыланып, 2022 жылғы ENQA форумы мен Бас ассамблеясын өткізу және басқа да ұйымдық мәселелер қарастырылды. Дуглас Блэксток  - ENQA кеңесінің жаңа Президенті болып сайланды, Даниэла Кристина Гитулице және Франсуа Перно -  ENQA вице-Президенттері болып сайланды. Бас ассамблея туралы толық ақпарат ENQA веб-сайтында берілген.

Әріптестер