“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Тбилисидегі ENQA мүшелерінің форумы 2023

21.04.2023

2023 жылдың 19-21 сәуір аралығында Тбилиси қаласында ENQA мүшелерінің «ЕУРОПА ЖОҒАРЫ БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕГІ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: САЯСАТ ПЕН ПРАКТИКАНЫ БАЙЛАНЫСТЫРУ» тақырыбындағы форумы өтіп жатыр. Форумның бірлескен ұйымдастырушысы Грузияның білім сапасын арттыру ұлттық орталығы (NCEQE).

Форумның күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелерді талқылау жоспарланған:

- Сапаны қамтамасыз ету: болашаққа жарамды ма? QA-FIT жобасының аралық нәтижелері бойынша агенттіктердің көзқарасы

- Сапаны қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер

- Еуропалық университеттердің сапаны қамтамасыз ету альянсы

- Цифрлық трансформация және сапаны бағалау процедураларын жетілдіру

- Еуропалық жоғары білім аймағында сапаны қамтамасыз ету: мүдделі тараптардың көзқарасы

- Тиранаға жол: ENQA-ның Болон процесіне қосқан үлесі

- Болашаққа көзқарас: жоғары білім берудегі перспективалы мәселелер.

Форумға Еуропалық жоғары білім аймағындағы 80-нен астам сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінен 105 делегат қатысуда.

ENQA 2023 форумында IAAR атынан Бас директор Жұмағұлова Алина Бақытжанқызы және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бас директордың орынбасары Қанапьянов Тимур Ерболатұлы қатысып жатыр.

Әріптестер