ENQA ONLINE GENERAL ASSEMBLY 2020
22.10.2020
2020 жылдың 22 қазанында Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастығының (ENQA) жыл сайынғы Бас Ассамблеясы онлайн форматта өтті. Ассамблеяда IAAR директоры А. Б. Жұмағұлова және Халықаралық жобалар және қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Т. Е. Қанапиянов қатысты. Бас Ассамблеяда талқыланған негізгі тақырыптар - атқарылған жұмыс туралы есептер, Ассамблея Жарғысын өзгерту, ENQA – ның жаңа мүшелерін бекіту, келесі жылға арналған қызметті жоспарлау, ұйымның даму перспективаларын талқылау, 2021 жылы ENQA Форумы мен Бас Ассамблеясын өткізу және желінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелері болды. Бас Ассамблея туралы толық ақпаратты ENQA сайтынан алуға болады.
Әріптестер