“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Жыл сайынғы INQAAHE халықаралық конференциясы

13.03.2017

28 ақпан мен 2 наурыз аралығында 2017 жылы Манама қаласында (Бахрейн Корольдігі) "Ынтымақтастық және Бәсекелестік: жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесінің келешегі мен қауіп-қатерлері" тақырыбындағы жыл сайынғы INQAAHE халықаралық конференциясы (Жоғары білімдегі сапасын қамтамасыз ету бойынша агенттіктердің халықаралық желісі) өтті. Халықаралық конференция жұмысына АРТА заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі Медетов Б.Е. қатысты. Конференцияда халықаралық аренадағы жоғары оқу орындарының білім сапасы, сапаны қамтамасыз ету бойынша аккредиттеу органдарының рөлі, студенттердің ұтқырлығы, аймақтық және халықаралық аккредиттеу, ішкі сапасын қамтамасыз ету, студенттер мен және жұмыс берушілердің сапасын қамтамасыз ету процесіне қатысуы сияқты маңызды мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ осы конференция шеңберінде INQAAHE мүшелері ғана қатысқан INQAAHE бас жиналысы өтті. Бас жиналысында 2016 жылғы INQAAHE жылдық есебі және желілердің алдағы жылға болашағы тыңдалды. Конференция жайында толығырақ INQAAHE http://www.inqaahe.org/ Интернет-сайтында танысуға болады.

Әріптестер