“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым форумы 2023

24.08.2023

IAAR өкілдері 2023 жылғы 24 тамызда Астана қаласында өткен «Адам капиталын дамыту ел экономикасының өсуінің негізі ретінде» Жоғары білім және ғылым форумына қатысты.

Форум аясында жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері бойынша тематикалық секция отырыстары (академиялық саясат, білім беруді интернационалдандыру, білім беру мен еңбек нарығын үндестіру, оқу нәтижелерін бағалау, студенттерді әлеуметтендіру, ғылым және технологиялар саясаты және т.б.) Назарбаев Университетінде және IT Университетінде, тіл саясаты және пленарлық отырыс Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.

Форумның пленарлық жиналысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Heriot-Watt University Tadhg O’donovan университетінің академиялық басшылығы, Қазақстандағы De Montfort университетінің президенті Sakina Zafar, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және т.б. сөз сөйледі.

Форум жұмысына жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері, студенттер, БАҚ, ЖОО директорлар кеңесінің, жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Форум еліміздегі жоғары білім сапасын арттыру бойынша диалог, тәжірибе, тың идеялар мен жобаларды талқылаудың шығармашылық алаңына айналды.

Әріптестер