“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

CEENQA бас ассамблеясы

12.05.2018

2018 жылы 11-12 мамырда ұйымдастырушылары ASCAL жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету Агенттігі болып табылатын жыл сайынғы семинар және CEENQA бас ассамблеясына АРТА заң мәселелері бойынша кеңесшісі Медетов Б.Е. қатысты (Тирана, Албания).

Алғашқы күні «ESG 2015 стандарттарына сәйкес сапаны қамтамасыз ету Агенттіктерін бағалау» семинарында CEENQA президенті - Nora Skaburskiene, Директор Dhurata Bozo және Аккредиттік Кеңес төрағасы профессор Arjan Gjonça (ASCAL, Албания) сөз сөйледі. Семинар жұмысына Karl Dittrich-EQAR Президенті, Christina Rozsnyai (ENQA) қатысты. Семинар аясында CEENQA мүшелері – Эстондық жоғарғы және кәсіптік білім сапасы бойынша агенттік (EKKA) және Жоғарғы білім және ғылым бойынша агенттік (ASHE, Хорватия) тематикалық анализдің үздік тәжірибесінің мысалдарын көрсетті.

Екінші күні Tempus/ERASMUS+ жобасының реализациясы және CEENQA кеңесі мүшелерінің есептері тыңдалды. Бас ассамблеяда CEENQA қызметі бойынша сұрақтар қарастырылды. CEENQA президенті Nora Skaburskiene құзіреттілігінің аяқталуына байланысты Cristina Ghitulica,CEENQA вице-президенті - Duska Radmanovic тағайындалды және Кеңес мүшелері сайланды: Achim Hopbach және Martina Vidlakova – жаңа мерзімге қайта сайланды, Jolanta Silka, Stefan Handke және Franci Demšar – Кеңестің жаңа мүшелері. Бас хатшы болып Jessica Sabban тағайындалды.

*CEENQA туралы толығырақ ақпарат www.ceenqa.eu веб-сайтында.

Әріптестер