Астанадағы ENQA Бас ассамблеясы
20.10.2018
2018 жылдың 18-19 қазанында Астана қаласында Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық Ассоциациясының (ENQA) 9-шы Бас Ассамблеясы өтті. Бас Ассамблеяға Еуропалық Жоғары білім аймағында 36 мемлекеттен келген аккредитация және сапаны қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін 55 ұйым қатысты.
Бас Ассамблеяның жұмысында Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі (АРТА) өкілі ретінде директор Алина Жұмағұлова және Халықаралық жобалар мен қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Тимур Қанапьянов қатысты.
Бас Ассамблеяда Еуропалық жоғары білім аймағында сапа кепілдігін дамыту, сондай-ақ электрондық оқытуды (E-Learning) сапалы қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Күннің екінші бағдарламасының бастамасы ENQA мүшелерінің (толық мүшелік) қолданыстағы үздік тәжірибелер бойынша плакаттар сессиясы өткізілді.
Екінші күнгі бағдарламада ағымдағы және келешектегі мәселелер: жұмыс нәтижелері туралы есеп, ENQA Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау, ұйымның даму жоспарларын талқылау, ENQA форумы мен Бас ассамблеяны 2019 жылы өткізу және желідегі басқа да ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
IX Бас Ассамблеясы туралы толық ақпарат ENQA сайтында бар.
Әріптестер