“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аппараттық кеңесіне IAAR Бас директоры қатысты

19.04.2022

2022 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аппараттық кеңесіне Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Бас директоры – Алина Жұмағұлова қатысып, «IAAR қызметі және педагогикалық білім беру бағдарламаларының мониторингінің нәтижелері туралы» баяндама жасады. Баяндамада педагог кадрларды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларына талдау жасалып, күшті және әлсіз жақтарына баға берілді, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының педагогикалық бағыттағы түлектері білімінің сапасын арттыру жолындағы қызметін одан әрі жетілдіру перспективалары мен мүмкіндіктеріне назар аударылды. IAAR Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының мониторингін www.iaar.agency веб-сайтындағы Есептер мен Жарияланымдар бөлімінен қарауға болады.

Аталмыш кеңеске жоғары оқу орындарының ректорлары, білім беру ұйымдары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшыларынан тұратын 200-ден астам адам қатысты.

Әріптестер