IAAR Бас директоры Жұмағұлова А. ENQA Бас ассамблеясына қатысты
24.04.2026
IAAR Бас директоры Жұмағұлова А. және халықаралық ынтымақтастық жобасының бас маманы Тұрсынбаев Т. 2026 жылдың 22–24 сәуірінде Будапешт қаласында өткен ENQA (European Association for Quality Assurance in Higher Education — Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің еуропалық қауымдастығы) Бас ассамблеясына қатысты.
Бас ассамблея ENQA мүшелерінің жылдық Форумы шеңберінде өтіп, Еуропалық жоғары білім кеңістігі елдерінің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің өкілдерін біріктірді. Талқылау өзегінде сенімді нығайту, ашықтықты арттыру және сапаны қамтамасыз ету жүйелерін заманауи талаптарға бейімдеу мәселелері тұрды.
Іс-шара барысында қатысушылар халықаралық ынтымақтастықтың негізгі даму бағыттарын қарастырып, үздік тәжірибелермен алмасты және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы өзекті үрдістерді талқылады.
IAAR өкілдерінің ENQA Бас ассамблеясына қатысуы агенттіктің халықаралық өзара ынтымақтастықты нығайтуға және шетелдік серіктестермен кәсіби диалогты кеңейтуге ықпал етті.
Әріптестер